04.06.2022
  97


Автор: Ақылбек Шаяхмет

БАРАДЫ ӨМІР ӨТІП...

Тұра алмай көңіл бекіп,
Барады өмір өтіп,
Қарттардың көбі шала,
Жастардың көбі «жетік».
Үстіңе киген тонды
Кеткендей біреу сөтіп,
Тозатын мезгіл болды
Кисең де темір етік.
Ұзартар қысқа жолды
Табылар қандай тетік.
Ілгері басқан қадам
Қалғандай кері кетіп.
Ол жаққа қайтіп барам,
Жасамай еліме түк,
Жүйкені жүндей түтіп,
Барады өмір өтіп...





Пікір жазу