meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.06.2022
  154


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ШАЛ МҰҢЫ

Кештім бастан күйді өзге,
Қатарымыз сиреді.
Жаратпайды кей кезде
Келіндер де үйдегі.
Құдай қосқан қосағым
Жатыр ауыл шетінде.
Болса да əлі жасарым,
Тұрмын желдің өтінде.
Өкінуге енді кеш,
Не де болса өзімнен.
Қылшылдаған жиырма бес
Бір-бір ұшты көзімнен.
Болмашыны етіп дау
Есіл жастар жүр қанша?!
Шіркін, дəурен!
Өтіпті-ау
Көзімді ашып-жұмғанша.





Пікір жазу