04.06.2022
  112


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚАРИЯЛАР

Нені болсын айырып, тани алар,
Қасиетін еліне жариялар,
Бір төбенің жанында басын қосып,
Дала сырын шертеді қариялар.
Өткенімен еліңнің кезігесің,
Сөздерінен дархандық сезінесің.
Тыңдай бергің келеді дана қарттың
Дала жайлы таусылмас шежіресін.
Əңгімеден қастерлі күй ұққасын,
Туған жердің жүресің сүйіп тасын.
Ақ сақалды шалдармен сəлемдесіп,
Маңғаз таулар тұрады иіп басын.





Пікір жазу