04.06.2022
171
Садақтың да өзіне лайық жебесі...
Садақтың да өзіне лайық жебесі,
Кіреукенің болады ғой көбесі.
Екі шеті жымдаспаса дəл келіп,
Қос тақтайды біріктірер шегесі.
Қосатын зат табылады өмірде,
Қос парақты қоса алады желім де.
Сəті түссе ашылады қиналмай
Отыз тісті жауып тұрған ерін де.
Бүтін болар екі жарты қосылса,
Түтін болар жалындары басылса,
Бүтіннің де жарылуы оп-оңай,
От басының берекесін қашырса...