04.06.2022
118
Тай-құнандай бірге өскен досым менің...
Тай-құнандай бірге өскен досым менің,
Көп адамнан болсаң да көш ілгері,
Ұмытыпсың өткенді, өзгеріпсің,
Бас сұқпаймын үйіңе, кешір мені.
Болмағандай жазың да, көктемің де,
Алыпсың ғой үйреніп өктем үнге.
Арланасың мінуге автобусқа,
Шай ішуге қорқасың көппен бірге.
Бірге келе жатсақ та кең көшемен,
Қандай пайда бар екен елге сенен?
Тірі жүрсең болғаны, шынымды айтсам,
Қорқып қалдым, жарқыным, мен де сенен.