04.06.2022
104
Желдің де екпіні күшті...
Желдің де екпіні күшті,
Теректен жапырақ ұшты.
Жалп еткен жапалақ құсап
Құлады, табанға түсті.
Тұрсаң да көктемді аңсап,
Жетпейсің өткермей қысты.
Тамақ жеп, соған да шаршап,
Отырмын шұқылап тісті...