04.06.2022
  137


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Күздің желі тонап жатыр бақшаны...

Күздің желі тонап жатыр бақшаны,
Жапырақтар ұшып жатыр сап-сары.
Жауын шайған көшенің де жоқ шаңы,
Естілмейді құстардың да жақсы əні.
Жапырақтар базарынан айырылған,
Кептерлердей қанаттары қайырылған.
Ақырғы рет əуеде бір дөңгелеп,
Ұшып жатыр, түсіп жатыр жерге кеп.
Оларға мен келсе-дағы болысқым,
Куəсі боп қалдым жалғыз бұл істің.
Жапырақтар ұшып жатыр сап-сары,
Күздің желі тонап жатыр бақшаны...





Пікір жазу