04.06.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

БІРЕУЛЕР ЖҮР

Біреулер жүр шаршап-талып,
Елге қажет кен іздеп.
Біреулер жүр аңсап барып
Жата кетер төр іздеп.
Біреулер жүр ғашық болып,
Шипа болар ем іздеп.
Біреулер жүр тасып-толып,
Жылы-жұмсақ жер іздеп.
Қабақ түйіп біреулер жүр,
Біреулер жүр тарынбай,
Біреу тілек тілеумен жүр,
Іздегені табылмай.
Өтер көктем, жаз да, сосын
Келер жетіп күз дереу.
Ең жаманы, бірақ, досым,
Ештеңені іздемеу.





Пікір жазу