04.06.2022
127

УАҚЫТ
Құстан ұшқыр, аттан жүйрік уақыт
Кетеді екен шабандозды құлатып.
Биік өскен қарағайды уақыт
Қас қағымда кетеді екен сұлатып.
Ешкімді де аямайтын уақыт
Жұртты тегіс кетеді екен жылатып.
Алқапты да жайнап тұрған гүл атып,
Тып-типыл қып кетеді екен уақыт.
Жақсы-жаман, бəрін түгел сынатып,
Өз орнына қояды екен уақыт.
Ойлап көрші, кəне, кімді ұнатып,
Аман-есен қалды сақтап уақыт.
Алма-кезек бір қайғы мен бір бақыт,
Күн мен түнді жалғап тұрған уақыт.