04.06.2022
  148


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Есімде он сегізден асқан кезім...

Есімде он сегізден асқан кезім,
Ағынды тау суындай тасқан кезім.
Ақылым басымдағы шаштан ұзын,
«Алды жөн, арты соқпақ» басқан ізім.
Адам деп көп уақыт көріспеген,
Безінген секілді ме бұл іс менен.
Кей кезде қолың жүріп, тісің батпас,
Ағаштың түбіріндей жұмыс деген.
Қайтпаса алған беттен нар-талабым,
Азабын қайсарлықтың арқаладым.
Тұрса да қажетсініп мықты араны,
Дөңбекті өршеленіп балталадым.
Көргенде ақыр шауып болғанымды,
Байқадым шаршаңқырап қалғанымды.
Іздеген жетеді екен мұратына,
Таяудан көзім шалды арманымды.





Пікір жазу