04.06.2022
  135


Автор: Ақылбек Шаяхмет

НЕ ПАЙДА?

Бұл табиғат тарту қылған көрікті
Əркім қалай қабылдаса ерікті.
Сұлу қыздың сымбатынан не пайда,
Баса алмаса бойындағы желікті?
Өмірінің сақтау үшін шаттығын,
Қара түннен қорғау керек ақ күнін.
Жас жігіттің қайратынан не пайда,
Баса алмаса бойындағы аптығын?
Данышпанның ақылынан не пайда,
Барар жердің жақынынан не пайда,
Бұл дүнияның қызығынан не пайда,
Ғұмыр-жіптің ұзынынан не пайда?
Абайла, дос, алды-артыңды абайла,
Өмір сүру түспейді əсте оңайға.
Жақсылыққа жақсы қызмет етпесе,
Жамандықты өңмеңінен теппесе,
Не пайда бар?
Соны ойла!





Пікір жазу