04.06.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қуаты бір біріне тең болса да...

Қуаты бір біріне тең болса да,
Құйын мен желдің де бар айырмасы.
Отырған орның қанша кең болса да,
Есік пен төрдің де бар айырмасы.
Екеуінің негізі тор болса да,
Шілтер мен аудың да бар айырмасы.
Əдейі қазып қойған жер болса да,
Ор менен көрдің де бар айырмасы.
Астында тұнып жатқан кен болса да,
Жер менен жердің де бар айырмасы.
Пейілі көл болса да, шөл болса да,
Ел менен елдің де бар айырмасы.





Пікір жазу