04.06.2022
131

Судай ағасың....
Судай ағасың,
Оттай жанасың,
Көптің көңілін
Қайтіп табасың?
Жолда қаласың,
Кейде тонасың,
Бірде бересің,
Бірде аласың.
Болса жарасым,
Сапта боласың.
Бірде озасың,
Бірде қаласың.
Көздің сорасын,
Іштің жарасын
Елден жасырып,
Қалай жабасың?!