04.06.2022
91
Масалардың шаққанын да
Масалардың шаққанын да
Елең қылмай шаншудай,
Елім!
Бейқам жатқаның ба,
Ырыс-қорың таусылмай.
Сарқылды ғой шыдамым да,
Сағынышым басылмай,
Жылап аққан бұлағың да
Анамның көз жасындай.
Қызғалдақтар мəпелеген
Қыз-келіншек құмартқан,
Қаны емес пе əкелердің
Жердің бетін қызартқан?!
Алып жатқан олжаларың
Мұнай шыққан өңірден
Қаны емес пе бабалардың
Жер астына көмілген?!
Неге жаным қапаланды,
Сөздің ұшы ұзарып.
Есіме алам аталарды,
Батқанда күн қызарып.