04.06.2022
137
Үй артында кісілер бар...
Үй артында кісілер бар,
Қи астында қоңыз көп.
Лебіз айтсаң кісіге ұнар,
Шықсын сөзің семіз боп.
Тыңдағанда пəле қуған,
Жай да жатпас, тек тұрмас.
Сөз артында тағы сөз бар,
Естір құлақ жақтырмас.
Қабыл алған сөзді семіз,
Жүзі жайнап, жайланар.
Көңілі де болып теңіз,
Құшақ ашып, аймалар.
Меселіңді кім қайтарар,
Жолдас болсаң пендемен.
Ырыс болар күнде айтылар
Арық сөзді жемдеген.
Бар ниетің болса дұрыс,
Шыға аласың жылымнан.
«Жақсы лебіз – жарым ырыс»
Деген сөз бар бұрыннан.