04.06.2022
  97


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жерге ыстықта қар қонса...

Жерге ыстықта қар қонса,
Жылдам еріп, жоқ болар.
Бардың жолы тар болса,
Жоқтың көңілі тоқ болар.
Алдың алды кең болса,
Бердің қолы қысқарар.
Қарға алдында жем болса,
Екі шоқып, үш қарар.
Сөздің парқын ұққанға
Көп жоламас кеселдер.
Келдің үні шыққанда,
Кеттің дауысы бəсеңдер.
Не əкелер алғы күн,
Сезімді ақыл қорғайды.
Тəн алғанмен барлығын,
Жанда тыншу болмайды.





Пікір жазу