04.06.2022
101
ЖАНАРТАУ
Қанаты қатып жас қыран,
Биікке самғап шыққанша
Болса да көп жан самарқау,
Мəн берсең, бірақ, дос бұған,
Жатса да басып жүк қанша,
Атылып шығар жанартау.
Пəк сезімдерім бүр жарып,
Болсам да жолды тапқандай,
Таси алмай бір келемін.
Шымырлап, қайнап, толғанып,
Жүректе бұғып жатқандай
Жанартау сынды өлеңім.