04.06.2022
  112


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚАРАҢҒЫЛЫҚ

Қараңғылық.
Қара албасты қап-қара шашын жайып,
Екі көзі алайған бақырайып,
Қараңғыдан қарайды саған күліп.
Аяғы лас, қолы лас, ауызы нас,
Жұқтырады бойына жаман қылық.
Көзін байлап жолдастың жанына ерген,
Шығарады антұрған, арам қылып.
Күн түнеріп, шықпаса ала бұлттан,
Келе жатыр қыбырлап қара құрттай
Қараңғылық.





Пікір жазу