04.06.2022
  95


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Беу, Алматы!

Беу, Алматы!
Пешіндегі тандырдың
Жанған оттай жүрегімді жандырдың.
Бұрып саған тұрушы еді бүйрегім,
Ақыр келіп бір бүйректі қалдырдым.
Ер жігіттің берік болса қорғаны,
Орындалар жастай қуған арманы.
Алыс жақтан келген кезде сағынып,
Бауырыңа басып тұрсаң болғаны...





Пікір жазу