04.06.2022
  129


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Біздің қазақ өрге тасы өрлеген...

Біздің қазақ өрге тасы өрлеген,
Шыққан текті ер, əйел деп бөлмеген.
Тек жоқ қазақ сөйлемі мен сөзде де,
Ерді əйелден олар артық көрмеген.
Біздің қазақ кеңге құлаш сермеген,
Шыққан текті ер, əйел деп бөлмеген.
Бірі түзде, бірі үйде жүрсе де,
Əйелді ерден олар артық көрмеген.
Байқа, бауырым! Сөздерге ерме көлдеңен,
Шатыстырма босағаны төрменен.
Ердің басын əйел төрге сүйресе,
Ер намысын əжуаға бермеген.
Нағыз еркек əйел сөзін бөлмеген,
Əйел құйған шай болмаса, шөлдеген.
Ол əйелдің ар-намысын қорғаған
Қаныменен жəне адал терменен.





Пікір жазу