04.06.2022
211
Ер қаруы болса егер де бес қару...
Ер қаруы болса егер де бес қару,
Аузымдағы тілден басқа қолымда жоқ еш қару.
Жақсы лебіз – жүрегімнің қалқаны.
Ар-намысым шойын шоқпар
Шығаратын қас дұшпанның талқанын.
Берік қамал – ауыздағы отыз тіс,
Арадан сөз шығып кетсе – өкініш.
Қос жанарым – туған жердің айнасы,
Жұмылғанша елге тисін пайдасы.
Көз көруден, қол жазудан талмайды,
Кысқа өмірде көп жатуға болмайды.
Бүлкілдеткен бүйірімді қос өкпем,
Өкпелейді күндеріме бос өткен.
Қызыл тілдің сүйегі жоқ, буынсыз,
Көп наданға не дегені ұғымсыз.
Пендеміз ғой сүйек-еттен жаралған,
Бірақ, қазір адамдаймын,
сүйек қалып, етім түгел тоналған.