04.06.2022
102
Көктем туып, жаз шығып, күз келеді...
Көктем туып, жаз шығып, күз келеді,
Жыл мезгілі құбылып, өзгереді.
Жасыл шалғын көк мұзға айналады,
Өмірдің де болады өз кезеңі.
Керегі не, алайда, өкпеңді айтып,
Кетпейді ғой бұл жалған тек мұңайтып.
Сірескен қар ериді күншуақта,
Қыстан кейін келеді көктем қайтып.
Адам болсаң ойы бар, айтары анық,
Əр сөзіңді сонда да айт ойланып.
Қартайғанда, бойыңнан əл тайғанда,
Келмейді ғой сол көктем қайта айналып.