04.06.2022
  127


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Өтіп жатыр қанша той, қанша дүрмек...

Өтіп жатыр қанша той, қанша дүрмек,
Қызығына елігіп, тамсандым көп.
Жасыл желек жамылған, гүлге оранған
Ауыл көрсем, тұрады əн салғым кеп.
Талантымды бойдағы елге беріп,
Жүрсем дейді шарықтап мендегі ерік.
Қуанышқа арналған сауық көрсем,
Билеп кеткім келеді дөңгеленіп.
Шаттық сезсе қалайша тынар жаным,
Қанаттанып сонымен жүр арманым.
Елдің даңқын көтерген жандар көрсем,
Əрқайсына келеді жыр арнағым.





Пікір жазу