meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.06.2022
  146


Автор: Ақылбек Шаяхмет

СҰЛУЛЫҚ

Заңғар көктен қырандар жыр түлеткен,
Пəк ниеттен төгетін нұр жүректен.
Жапырақтан жел соқса дір-дір еткен,
Ізгі лептен əкелген нұрлы көктем
Көремін мен шынайы сұлулықты.
Ақ пейілден табылар бақ төрімнен,
Дəптерімнен ойларым сəтті өрілген.
Еңбеккердің кəдімгі кетпенінен,
Еккенімнен, елімнің өткенінен,
Көремін мен шынайы сұлулықты.
Толғаныстан, құралған сырлы ағыстан,
Өр дауыстан биікке самғап ұшқан,
Құдіретті күйлерден саздар ұшқан,
Зор табыстан, мəңгілік қозғалыстан
Көремін мен шынайы сұлулықты.
Ғашық болмай, сірə, өмір сүремін бе,
Шын сұлулық баланың реңінде,
Мейірленген ананың нұр-өңінде,
Күлкісінде, кіршіксіз жүрегінде,
Айта берсем, барлығы таусылар ма?
Шын сұлулық – ақ, адал тілегімде





Пікір жазу