04.06.2022
  113


Автор: Ақылбек Шаяхмет

АРАБ ӘРПІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ СӨЗІ

Ежелгі араб əрпі – алтын қазық,
Айшықты əр таңбасы қандай нəзік?!
Еліктеп үлкендерге, ермек қылып,
Жаттықтым оңнан солға қарай жазып.
Өзгеге ұқсамайтын алабөтен,
Тегінде, əулие халық қазақ екен.
Ұлт атын қай жағынан оқысаң да,
Бір сөздің шығатыны ғажап екен.
АТА, АНА, АҒА, АПА-ның мағынасын,
Ел-жұртқа түсіндіріп не қыласың.
НАН деген қасиеттті дəмнің атын,
ҚАЗАҚ-тың ақ ниетін сағынасың.
Əйтеуір, білсем деген талап болды,
ТАЛАҚ-тың мағынасы ҚАЛАТ болды.
Баттитып ҚАРА деген сөзді жазып,
Сол сөзді кері оқысам, АРАҚ болды.
Бір сөзді көңілдегі ТАЗА дедім,
Дəптерге қайта-қайта жаза бердім.
Оқысам кері қарай АЗАТ болды,
Жер ғой деп алтын шыққан қаза бердім,
Дұшпанның қалмау үшін мазағына,
Өмірдің көнген талай азабына.
Қиыннан қиыстырып сөз құраған,
Тəнтімін тілге шешен қазағыма.





Пікір жазу