СЕН ДЕР ЕДІМ
Əнім қалса төгіліп елде менің,
Дəнім қалса себіліп жерде менің,
«Жүзеге асты арманың қалай?» – десе
Атамекен, асырған сен дер едім!
Жүргізетін өмірдің дөңгелегін,
Ата салты, дəстүрім – ең керегім.
«Тіршілікке нəр берген кім?» – дегенде,
Атамекен, қуатым сен дер едім!
Аға сөзін құптаймын, жөн көремін,
Талай істі қапысыз меңгеремін.
«Мұның бəрін үйрендің кімнен?» – десе,
Атамекен, үйреткен сен дер едім!
Өріс кеңіп, толса егер төлге жерім,
Аққу жүзсе жұптасып көлде керім,
Сұлулықты ғажайып тұрған сақтап,
Атамекен, қорғаным сен дер едім!
Сары алтындай жарқырап белдегі егін,
Шалқып жатса ырысым жерде менің,
Қасиетті бастауы қазынамның,
Атамекен, əрине, сен дер едім!
Əлдилесе мəңгілік жер бөбегін,
Той-думанды əлі де көрмек елім.
Тыныштықтың бесігін тербететін,
Атамекен, киелім сен дер едім!