04.06.2022
84
СЕН ҮШІН!
Төгеді күн нұрлы шуағын,
Береді ағаштар жемісін.
Бұлбұлдар арнайды жыр-əнін
Туған жер! Сен үшін, Сен үшін!
Бақытты күндер мен түндерім,
Кез келген кішкентай жеңісім,
Жайрандап жер басып жүргенім,
Туған жер! Сен үшін, Сен үшін!
Жыл сайын жасарған гүл-өнің,
Жырыммен тапқандай келісім.
Тынымсыз соғады жүрегім,
Туған жер! Сен үшін, Сен үшін!