meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.06.2022
  183


Автор: Ақылбек Шаяхмет

АҚЫН ОТЫР ҰЙЫҚТАМАЙ

Түн ұйқысын төрт бөлетін анадай,
Емшек іздеп жылайтұғын баладай,
Гүлге қонып, бал жинаған арадай,
Ақын отыр ұйықтамай.
Жаңа ғана көзін ашқан бұлақтай,
Жағалауға шыққан қалың құрақтай,
Түн ішінде жанып тұрған шырақтай,
Ақын отыр ұйықтамай.





Пікір жазу