04.06.2022
  122


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ЖАСТАЙ ҒАШЫҚ БОЛҒАЛЫ


Жастай ғашық болғалы өлеңге мен,
Мен өлеңнен кетпеймін, өлең менен.
Айда, жылда жазылған əр өлеңім
Ғашығыма жолдаған сəлемдемем.
Өлеңімде сырларым ішімдегі,
Көрген қызық өңім мен түсімдегі.
Оған деген шынайы сезімімді
Ғашығымның дұрыс қой түсінгені.
Күнəдан пəк, сүттен ақ періштемсің,
Сағынғанда күн сайын көріскенсің.
Жүрегімнің соғысын бірге тыңдап,
Балы менен уын да сен ішкенсің.
Айналайын, өлеңім, ғашығым-ай,
Еш сырым жоқ өзіңнен жасырын-ай.
Өлең жазып болған соң отырамын,
Сені көріп құмарым басылып-ай...






Пікір жазу