04.06.2022
  484


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Өнер алды – қызыл тіл,

Өнер алды – қызыл тіл,
Өзеуресең, өзің біл.
Айтқан сөзден қалған із
Бірде гүл де, бірде күл.
Тіл – елшісі сор, бақтың,
Сөз арқылы жан бақтым.
Сөзбен даңқым жайылып,
Сөз арқылы дəм таттым.


Таныған соң жан-жақты,
Тіл биікке самғатты.
Тілден алып лəззат,
Тілден көрдім рақатты.
Құрып қойып тор мықты,
Қылса дұшпан зорлықты,
Ақиқатты айтам деп,
Тілден көрдім қорлықты.
«Басқа пəле – тілден» деп,
Мылқау болып жүргем жоқ.
Қызыл тілдің қадірін
Көп жұрт əлі білген жоқ.





Пікір жазу