04.06.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тілімнің дұшпанынан достығы көп...

Тілімнің дұшпанынан достығы көп,
Жүретін тілін тістеп бос күні жоқ.
Ағызып тұрғаннан соң тілдің майын,
Жақсы мен жайсаңдарға қастығы жоқ.
Тілдейтін айтқан сөзі ұшқары деп,
Тілімнің доспен қатар дұшпаны көп.
Кей кезде достарым да табалайды:
«Құйрықты жөн еді ғой қысқаны» – деп.
Тұрған соң отыз тістің қалқасында,
Тіліңді шығаруға қорқасың ба?!
Қалайша ренжиін тіліме мен,
Нан тауып жүрсем тілдің арқасында.





Пікір жазу