04.06.2022
  97


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ЖҮЙЕЛІ ӘРІ КИЕЛІ

Ақындықтың ақ тонын жамылғалы,
Елім мені ақын деп қабылдады.
Жаздым, айттым қолымнан келгеніңше,
Негізгі сөз, бəрібір, табылмады.
Қылыштай сөз суырылған қынабынан,
Ағып кетпес, естісең, құлағыңнан.
Шөлің қанып қалмай ма қаталап кеп,
Мөлдір судың сімірсең бұлағынан.
Кей ақынның сөздері пышыраған,
Ойлы сөзге иегі қышымаған.
Қалдыра алмас артында бір ауыз сөз,
Киесіне сол сөздің ұшыраған.
Тыныс алып жатса да ғалам жырдан,
Адамдар көп сөзіңді сабан қылған.
Жүйелі сөз иесін тауып жатса,
Киелі сөз, болайын саған құрбан!





Пікір жазу