03.06.2022
107
БІР СӘТ
Жұлдыздары жымың-жымың күліп түн
жібек нұрын шашып тұрды үміттің.
Қашан еді, қай түн еді? –
Ұмыттым.
Зеңгір көктен қарағанда жылып күн
біреу – маған, мен біреуге күліппін.
Шын күлкі ме, кекесін бе еді? –
Ұмыттым.
Ей, ағайын, қартай, қайғыр, үміт қыл,
үміт – тәтті, жұта-жұта құнықтым.
Құнықтым ба, ашықтым ба?
Ұмыттым.
Әйтеуір бар тірі жүрек менде осы,
үміт, тілек биігірек менде осы –
ештеңені ұмытпаппын ендеше