03.06.2022
  98


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ТҮН

Ызың-ызың ететінің не сенің,
онсыз дағы жайсыз менің төсегім:
еске түсіп біреулердің қорлығы,
біреулердің айтқан жала-өсегі.
Жатырмын ғой, көрмеймісің, көз ілмей,
аңдиды екен дәл осындай кезіңді ой.
Айналып кеп шағып жатыр өзімді,
біреулерге артық айтқан сөзім кей.
Мені де артық жазалапты бір мықты,
мен біреуге орынсыздау ұрыныппын.
Қиянатын, тонна болсын, өлшемей,
қайырымын «грамдайтын» тірлік бұл.





Пікір жазу