03.06.2022
  80


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ӨМІР

Бір күйді бастайыншы, күй артығы
өзен боп бір теңізге құяр түбі...
қайтсем де бүгін Мекке барамын деп
желіден өреді екен түйе әр күні.
Теріп қырқып сол түйе әр бұтаны
жантақ, сораң, қаңбақты қарбытады.
Түске жақын күрсініп күлге шөкті...
ұлы сапар басталмай қалды тағы.
Әркім де тілек қылып жүр күресіп,
жатыр үміт бірде өшіп, бір күні өсіп.
Таңғы көңіл – ашқарақ,
түсте тойып,
ертесіне тағы да тірлік осы.





Пікір жазу