03.06.2022
101

ӨЗАРА СЫН
Кешір, кешір, өзіңді Хақ-тағалам
сәл әзілдеп, артынан ақтап алам.
Бастығым бар – ол әзіл көтермейді,
құрдасым бар – ол өзің атқан адам.
Көңілдің келе-келе аңғарғаны:
сын тыңдар сенен өңге жан қалмады.
Не керек періштелер пері қанат,
не керек сайтандардың сандалғаны.
Өзіңнен мәулет алып батылдана
кінә қоям – мақұлда, мақұлдама –
«Сен дағы құр атақтың құлы екенсің,
құдай деген – қауқиған атың ғана» –
деді ақын.
Шапқа түртіп ұлыларды,
өзінің енді оңбасын біліп алды...
Сонсоң ба?
Сонсоң аспан шатыр етті –
әлгі ақынның бір шөкім күлі қалды.