03.06.2022
  121


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ҚИСЫҚ БҰТА

Терістіктен өкпек жел тұрды – мейлі
еске салды осы жел бір дүлейді...
Шыға қашты ақ түтін мұржалардан –
шөп басында ақ түбіт үлбірейді.
Кәрі қойшы жетектеп қотыр атын,
отыратын аңырып, не тұратын.
қотыр мұржа түтінін түйдектетті –
әжем өстіп жүн түтіп отыратын.
Қисық бұта, құшақтап сүйші мені,
көңілім бір жетімдік түйсінеді.
Қисық бұта, көзіме жылысың сен –
әжемнің де қолдары қисық еді.
Мұңы бітпей тұр ма анау талдың әлі,
бір зіл басып буынып талдырады.
Жарқырап-ақ келіп ем, соны көріп
менің дағы қабағым салбырады.





Пікір жазу