03.06.2022
124

НӨСЕРДЕН СОҢ
Бәлкім, мұңды хал шығар –
тал көз жасын іркіп тұр.
Көзі шатынап тамшылар
әлденеден үркіп тұр.
Маңай – сылбыр, сұрама –
сылбырлықта мың түрлі:
су ағады жырада
сүт қатқан шай сықылды.
Ала алмай тұр жел екпін –
көкті кетті сүртіп кім?!
Түбі кәрі теректің
сирағындай бүркіттің.
Бір жасардың, жалған-ай;
қайың-ару, хал қалай?..
Айыр інген – Алатау,
боздап келіп қалғаны-ай.