03.06.2022
108
НАН
Түстің өзі енуші еді мазақ боп,
түсімде нан... өзі қалың, өзі аппақ
жүрді мені елесімен азаптап.
Көзімді ашсам таба наным тек әлгі
маңайыма иісін тастап жоғалды
Содан шығар, тым ұйқышыл боп алдым.
Мезгіл қатал: мейлі көктем, қыс мейлі,
түс те қатал: қолыңа нан түспейді.
Түсімде де тата алмаған сол нанды
басқа біреу қызықтырып тістейді.
Үміт жайлап аш көңілді, бір күні
көз жұмып ем, тез ілінді кірпігім.
Шаңырақтан келе жатты Нан түсіп –
ұстап тұрып жұлып алдым қырпуын.
Ауызға жоқ, көңілді құр демеген,
дәме байғұс, әлсіз едің не деген!
Көзімді ашсам: бір қырпуы кетік ай
ауып бара жатыр екен төбеден.