03.06.2022
243
САРЫ ТҮС
Ағаш басы сарғайыпты – бар ма айып
мезгіл жетті.
Ойды ескіртіп алмайық.
Жата-жата архивында ақылдың
көп өлеңім қалған сынды сарғайып.
Сары жел есті – сары бұта дір етті,
сары күзің сары қырман күретті...
Қас суретші бақытсызды салса егер
сап-сары ғып қойса керек жүректі.
Жапырақтың сары тілі, ал, әне
сары көл бетін жалап-жалап алады.
Сезген адам Нанның нағыз бояуын
сап-сары ғып көрсе керек даланы!
Сары жұртқа сара күйді шерте кеп,
қарызымнан құтылмақ ем тер төлеп.
Жасамақ боп алтын-жырды құм-сөзден
сары қаламды қуып келем желкелеп.