03.06.2022
  118


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ТАҢҒЫ СЕЗІМ

Көк бұлақ, әй, қусың-ау, қусың бұлақ
Тыныштық сай, жырада тусын, бірақ
Ну сыңсып, жатыр әне су сылдырап.
Бұраңдап көк шалғынға еркелейсің
көк бұлақ, әй, қусың-ау, қусың бұлақ.
Жіп соқпақ ирек түскен жол ма тағы?!
Сапардың ұзақтығын аңдатады,
Тәтті үміт, алда, алда, алда тағы!
Тағы бір адастырып кетейін деп
соқпақ жол түсті иректеп алға тағы.
Сылтауды дайындап ап бір өтірік,
түстім мен, жол жаңсағын біле тұрып,
тағы бір күрсінейін күле отырып,
мәулет бер, ғұмыр, мықтап адасайын,
тағы да естиінші бір өтірік.





Пікір жазу