03.06.2022
  99


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

СҰРАҚ

Жер байғұстың бағына,
әй, жаумады-ау, жаумады.
Тұр ма ана бұлт тағы да
басқа жаққа ауғалы?!
Әр көріністе – мағына,
сенде мағына жоқ па әлі?
Мыс-табақ күн, тағы да
барамысың батқалы?!
Үйім тарлау – о да мұң;
қысылмасын деп мені,
қимайтұғын қонағым,
отырмысың кеткелі?!
Жыл қанатын қомдады,
қанаттыға – бекер сын.
Құс-дәуренім, сен-дағы
бір күні ұшып кетерсің?!





Пікір жазу