03.06.2022
100
БҮГІН
Өлең жоқта – әсер етер жұмбақ та,
Жұлдыздар да жанады ғой күн жоқта.
Аспанда Ай жоқ – жұлдыздар жүр тырмысып,
арыстан жоқ, орынында жүр мысық.
Ұшқындар көп,
Жалғыз жанар жоқ та алау,
Сансыз жұлдыз жыпырлап тұр көкте анау:
бұ да аспанға жарасатын сияқты;
Күн орнына, былай қойып ұятты,
Олар-дағы таласатын сияқты.
Бізде де осы... аяқ-жолды анықтар
Сіріңкенің жарығындай жарық бар.
Сондықтан ел көтереді қос қолдап,
ал, біреуді жұлдыз дейді сасқанда.
Жылт еткеннің – бәрі жұлдыз, амал не,
Абайы жоқ аспанда.