03.06.2022
  89


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ТЕҢЕУ

Аңдап сөйле, ағайын!
Сөз дегенің әйел сын-ды көк айыл:
бір күш алса, менмендігі оянып –
бет қаратпай қояды.
Маржан дейді Абайдың әр сөз-үнін,
жылтыраққа әуес білем жандар тар.
Маржан – тас қой,
мұны айтқан жан өзінің
сөзге деген суықтығын аңғартар.
«Маржан»– сөздер тамағынан өтпесе –
Жырды біреу теңіз деді кеп-кеше...
О, білімпаз, ойға үйір,
Сөз көсеме, от көсе!
Мынау теңеу құлағымнан өтпейді:
Жердің шарын доп дейді –
Жердің шарын доп десе...
доп дей ме егер теппесе?!





Пікір жазу