03.06.2022
109
№1 Құдай
Дастархан бай-ды былай да,
Қонақтар еркін жеп-ішті.
Қызып ап сонда Құдайлар
Мақтады-ай келіп Зевсті:
– Үлгілердің үлгісі,
Жүзділердің жүздісі.
Құдайлардың құдайы,
Уа, ұлылардың ұлысы!
Қайсарлық, қыңыр, ұлы үміт
Қосылып Құдай боп қатты...–
деп еді шешен күбініп,
Зевс былай тоқтатты:
– Өзім де білем, кемді күн
бақытым шығар;
бүгін құр
сөзіңді шашпа, сен мұны
Прометейге ұғындыр.