03.06.2022
101
Бұлт
Бұлт байғұсты күлкі ғып,
Зевс Құдай-тағала
Найзағаймен бір тіліп
қуып салды далаға.
Соқты дауыл.
Бұ қалай,
Қайрауы ма жігерді? –
Дегенімше шыдамай
бұлт еңіреп жіберді.
Мен де кейде жылаймын,
Кешіре алмай жатамын:
пәнде түгіл, Құдайдың
басынғаны – батады.