03.06.2022
102
КІШКЕНЕЛЕР
Біз – кішкене жандармыз деп алады,
сөйдеп үлкен «нандарды» жеп алады.
Кішкене ғой – мәңгүрт қой – десек есек,
кішкене бас – бас емес, кесе десек,
ойлайтыны есектің – есеп, есеп.
Намыс қайда?
қамыс боп намыс қалды,
есеп жеңді ақырып алысқанды,
ақымақ қып жіберді данышпанды:
Сона талап өлтірді айғырды асыл,
байғыз шоқып тауысты арыстанды.
Аясаңшы, титтей ғой шыбын, шыбын,
шыбын шақты, Піл, неге ыңырсыдың?!
Маса зарлап ұшады,
шыбын жылап,
көз жасы да шыбынға шығын бірақ.
Түрі анау ғой бейбақтың,
не сор екен:
жылап жүру-дің өзі есеп екен.
Сен болмасаң жәндік не кеміреді?!
кеміртпесең, ал, сенің нең ірі еді?!
Бәрі баяғы құлқынның төңірегі...