03.06.2022
185
ӘКЕ МЕН БАЛА
Бойжеткен қыз:
– Әке, әке, киім дейді,
Әке айтады:
– Қаражат қиын дейді.
Белі иіліп барады кәрі әкенің,
бірақ ағаш-аяғы иілмейді.
Ұлы да хат жазады астанадан,
астанадан қартқа әлгі қасқа, надан,–
жыласа ол да ақша деп көл – сиясы,
көл секілді әкенің пенсиясы
былай да ағып,
жатады былай да ағып,
қызыл, қоңыр ақша боп ылайланып.
Модыға еру – қызға да қиын еді,
қиын болса қайтеді – киінеді.
Ақша келсе – қуаныш сұрапыл, ә?–
ұл қуанып ішеді сыра-пыра.
Қартайды әке –
халі әлгі, күйін мейлің,–
қартайғаны: «қаражат қиын» дейді.
Кемпір де ырза болсын деп салады ақша,
өзі ішпейді,
жемейді,
киінбейді,
белі иіліп барады, сағанақша,–
тек аяғы – баяғы, иілмейді.