03.06.2022
122

БІР БЕЛГІ
Күн жауыпты,
сол жауыннан белгі боп
жұмыр-жұмыр гауһар көздер жанып тұр
(жайлап айтсақ: жапыраққа мөлдіреп
тамшы тұнып қалыпты).
Ертең ерте көше жаққа шыға қап
қарасаңыз
болғандығын түн қандай
түсінесіз:
бұталардың арасынан сығалап
мөлдір-мөлдір көздер қарап тұрғандай.
Мөлдірліктің ғұмыры неткен қысқа еді,
күшті білем олардың да дұшпаны:
жел бұтаны сілкіп-сілкіп қалып ед,
тамшы-көздер ағып-ағып түсті, әне.
Қара дауыл ұрмағанмен тұлданып,
мезгіл желі көп бұтаңды ұрды анық.
Ағып-ағып түскен сын-ды
саған да
карайтұғын мөлдір көздер ұрланып.
Жаңбыр да өтті,
талай-талай шық кепті,
мақпал тозып,
мағынасы – шыт бопты.
Уақыттың жаңбыры мен желінде
жапырағың сарғайыпты-ау сенің де