03.06.2022
213
МЕЙIРIМ
Далада жүрген мысықты
Жас бала көрiп қалды да,
Мейiрiмi түсiп қызықты,
Көтердi қолға алды да.
Аймалап сипап басынан,
Мысықты көрсең өпкенiн.
Бiлмей де қалды қасына,
Шешесi қалай жеткенiн.
– Елжiреп, қара, тұрғанын...
Қолыңды жу, бар, жоғалғын!
Жейдеңдi аппақ былғадың,
Мысықты неге қолға алдың?!
Балконда тұрған əкесi
Шешеге бердi бұйрығын:
– Жуымас болсын екiншi,
Шықпыртшы, – дедi, – құйрығын.
Осыны көрiп көзiмiз...
Абыржып қалдық тосырқап...
Өстимiз-дағы өзiмiз,
Мейiрiмсiз деймiз жас ұрпақ.
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ Мейiрiм дала Мысық